2024 жылғы 26 қаңтарда «Мемсараптама» РМК-да «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Құрылыстағы стандарттау орталығы, «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ және Қазақстанның «QAZAQ STONE» тас өңдеу өнеркәсібі одағы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Отырыс барысында білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу, сондай-ақ іске асыру шеңберінде отандық өндірушілердің өнімдерін пайдалану мәселелері қаралып, аталған ұлттық жоба талқыланды.
Қазақстанның «QAZAQ STONE» тас өңдеу өнеркәсібі одағы қасбеттерді әрлеуге арналған өнімдер шығаратын отандық зауыттардың жобасын ұсынып, оларды «Жайлы мектеп» ұлттық жобасында пайдалану мүмкіндігі жайлы қозғалды.
Отырыс нәтижесінде «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ-на «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, ұлттық пилоттық жобаны жүзеге асыру негізінде білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында отандық материалдар мен өндірушілердің жабдықтарын барынша пайдалануды қолға алу ұсынылды.