1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі:
Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған.
Күні | Жұмыс орны, лауазымы | |
1985-1991 жылдары | жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы; | |
1991-1994 жылдары | «Сәулет» Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры; | |
1994-1996 жылдары | БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары; | |
1996-2001 жылдары | «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары; | |
2001-2002 жылдары | ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры; | |
2002-2005 жылдары | БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры; | |
2005-2007 жылдары | Орал қаласы әкімінің орынбасары; | |
2007-2008 жылдары | «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы; | |
2008 жылғы қазан-қараша аралығында | БҚО әкімінің кеңесшісі; | |
2009-2010 жылдары | коммерциялық ұйымды басқарды; | |
2011 ж. қаңтар-шілде аралығында | Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі; | |
2011-2013 жылдары | Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры; | |
2013 жылғы сәуір-қараша аралығында | ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы ; | |
2013-2016 жылдары | «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары; бас директорының м. а; | |
2016-2021 жылдары | «Мемсараптама» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған ; | |
сәуір 2023 - тамыз 2023 | ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы ; | |
2023-2024 жылдары | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі |
«Жетекшілік ететін мәселелері:
«Мемсараптама» РМК-нің ақпараттық технологияларын жетілдіру мен әдістемелік қамтамасыз ету.