Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2016 жылды қорытындылау. 2017 жылы алға қойылған мақсаттар мен тапсырмалар.

2017-02-23
2016 жылды қорытындылау. 2017 жылы алға қойылған мақсаттар мен тапсырмалар.
2017 жылғы 23 ақпанда филиалдың мәжіліс залында 2016 жылды қорытындылау және 2017 жылы алға қойылған мақсаттар мен тапсырмалар жөнінде өндірістік кеңес өтті. Филиал директоры С.О. Лекеров 2016 жылдың әрбір адамның өмірінде өзіндік орын алған, жемісті жыл екенін атап өтті. Себебі осы 25 жылда жеткен жетістігіміз, яғни мемлекетіміздің көркеюіне бірден бір үлесін қосқан Қазақстан құрылысы және осы салада мемлекеттік сараптаманың өзіндік орын ерекше. С.О. Лекеров Астана қаласында «Мемсараптама» РМК Бас директоры Т.Д. Карагойшиннің басшылығымен өткен Республикалық кеңес қорытындысы бойынша талқыланған мәселелер жайлы түсіндіріп өтті және ағымдағы жылы филиалдың алға қойған барлық тапсырмаларының орындалғаны және филиал 2016 жылды жақсы нәтижелермен аяқтап отырғаны жайлы айтып өтті. Қызметкерлермен сұхбаттаса, пікірлерімен алмаса отырып, кеңес қорытындысы бойынша 2017 жылға арналған мақсаттар мен тапсырмалар айтылып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.