Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Forum 100+ Russia

2016-10-10
Forum 100+ Russia
Forum 100+ Russia
Forum 100+ Russia
2016 жылдың 5-7 қазан аралығында Ресей Федерциясының Екатеринбург қаласында Forum+100 Russia биік және бірегей құрылыс Халықаралық форумы өтті. 100+ форумы туралы Forum+100 Russia 2014 жылдан бастап Свердловск облысы аумағындағы Екатеринбург қаласында өткізіліп келеді. Бұл халықаралық форум кәсіби бағыттағы жобалауға, құрылыс, қаржыландыру және пайдалану, биік және кез келген маңызы бар бірегей ғимараттарға арналған. «Эскпо» Халықаралық көрме орталығы аумағындағы 3 күндік іскерлік бағдарламасымен форум өткізу алаңы 10 000 шаршы метрді алып жатыр, оған 4000 мың қатысушылар, 60 іскерлік іс-шаралар, 350 спикерлер. Бұл посткеңестік кеңістіктегі ауқымды алаңдардың бірі. Осы форумға біздің қызметкерлер сәулет-құрылыс бөлімі бойынша сарапшылары Джакупова Сауле Мантыховна мен Курмашева Гульзира Мухтаровна барды. Олар осындай форумды өткізу сапасының өте жоғарылығын байқады. Мұндай шараларды жүргізу құрылыс индустриясына қолайлы әсер етеді, жобалау-сметалық құжаттама сапасы артады. Биік ғимраттарды жобалау мен салуға қатысты әр түрлі тақырыптарды талқылау көптеген қызықты және пайдалы жаңалықтарды енгізді. Сондай-ақ, мұндай форумдар біздің еліміздің аумағында да өтсе жақсы болар еді, бұл жас жобалаушылардың шетелдік сәулетшілер мен құрылысшыладың тәжірибесіне қызығушылығын көтереді, жобалау-сметалық құжаттаманың және құрылыстың деңгейін арттыратын еді. Форум соңында ұйымдастырушылармен бүкіл Оралға әйгілі жерге қайғылы көлбеу тұрған Невьянская Мұнарасы орналасқан тыныш Невьянск қаласының Нейвы өзенінің жағасына экскурсия ұйымдастырылды. Невьянская Мұнарасының көлбеу орналасуы Пизанский Мұнарасының сәулетшілік ерлігін қайталауды армандағандай емес-мыс, сәулетші мен оның меценаты Акинфия Демидованың қалауымен де емес, тұрғызу кезінде жер асты суларының салдарынан іргетасы құлап қалған, сол себепті құрылысшылар ғимаратты айлалап қылыш тәрізді көлбеу түрінде салып бітіруге мәжбүр болған екен. Ал біздің қаламыздың Орал өзенінің жағалауында салынғаны белгілі және біздің облыста жер асты суларының деңгейі өте жоғары, сондықтан-да өткен жылдардағы қателіктерді қайталамас үшін аталмыш Мұнара ғимараттарды жобалауда және салуда бізге үлгі болуы тиіс.