Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының бірінші президенті күнімен құттықтау

2016-11-30
1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының бірінші президенті күнімен құттықтау
1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының бірінші президенті күнімен құттықтау
Құрметті әріптестер! Сіздерді мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының бірінші президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дәл осы күні 1 желтоқсанда Қазақстан республикасының Бірінші Президенті сайланды, мемлекетіміздің дамуы мен өсуіне әсер еткен, Қазақстан Республикасының президенттік институты құрылды.Бірінші Президент күні – бұл тарихи сайлау бірлігінің және Қазақстан халқының бірлігі күні. Елімізде президенттік институт – конституциялық құрылым негізі тұрақтылығының кепілі және мемлекетіміздің құрылуы мен бұдан әрі дамуына әсерін тигізеді деп саналады.Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы!Үшінші онжылдықта оның жігері мен орасан зор қуаты қоғам консалидациясы мен азаматтардың жақсы өмір сүруіне бағытталды. Нұрсұлтан Әбішұлының жетекшілігімен іске асырылып жатқан жақсы ойластырылған және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сауатты құрылған жоспарлар мен нақты бағдарламаларын жүзеге асыру, Қазақстан игілігіне жемісін әкеліп жатыр, республикада да, шет елде де бағалануда.Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық келісімі тұрақталған, қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгерістерге қол жеткізген, әрдайым экономика, ғылым, мәдениет саласында дамып жатқан мемлекет. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында біз әлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткіздік. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз