Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері» тақырыбындағы семинар

2016-05-13
«Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері» тақырыбындағы семинар
2016 жылғы 12 мамыр күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар аясында филиал қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері» тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинарды филиалдың заң қызметі ұйымдастырды. Шара барысында сыбайлас жемқорлық бүгінгі күннің үнемі зерттеуді, кешенді әрі шұғыл қарсылықты қажет ететін құбылысы болып табылатындығы ескерілді. Мемлекетте орын алып отырған сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы инвестициялық ортаға кері әсерін тигізеді, Қазақстан Республикасымен қарым-қатынас жасаудың деңгейін төмендетеді. Осы орайда, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында жемқорлықпен күрес үшін белгіленген заңнамалық база құрылды. Осылайша аталған семинарда сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі күшіне енді. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күрес курсын жалғастыру аясында қылмыстық заңнамада жоғарыда аталған қылмыстар үшін жауапкершілік деңгейі нақтылана түсті. Сөзсіз жауапкершілік қатаң бола түсуде, бұл туралы еліміздің барлық азаматы хабардар болып жадында ұстауы қажет.