Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК спартакиадасы 2016

2016-10-18
«Мемсараптама» РМК спартакиадасы 2016
Спорт мерекесі «Мемсараптама» РМК қызметкерлері кәсіподағының барлық мүшелері арасындағы ұжымдық әрі достық қарым-қатынасты нығайта түсті. 2016 жылғы 6-8 қазан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «ALMA-TAU» тау демалыс аймағында «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдары қызметкерлері арасында спартакиада өткізілді. Шараның негізі мақсаты - салауаттыөмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру, сондай-ақ ұжымның корпоративтік рухын нығайту. Барлық командалар шараға үлкен дайындықпен келді. Алматы облысы бойынша филиалдың командасы өзінің волейбол ойынынан жеңісті бермейтіндігін тағы бір мәрте дәлелдеп, аталған спорт түрінен 1 орынға иеленді. Ал филиалдың бас бухгалтері Конкалова Нелли Павловна әйелдер арасында «Ең үздік теннисші» номинациясы бойынша марапатталды. Филиал ұжымы барлық жеңімпаздарды құттықтайды. Сондай-ақ кәсіподақ мен «Мемсараптама» РМК-нің басшылығына осы бағыттағы бастамалар үшін зор алғыс білдіреміз.