Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Заңгерлерге арналған семинар

2016-10-13
Заңгерлерге арналған семинар
Әрбір мекеме өз қызметін жүзеге асыру барысында қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң орындауы қажет. Осы мақсаттағы негізгі бағыт – мекеме қызметін заңнамалық сүйемелдеу. «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдары қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында 11-12 қазан күндері Астана қаласында заң мәселелеріне жетекшілік ететін қызметкерлер үшін семинар өткізілді. Семинар жұмысына филиалдың бас маманы қатысты. Аталған оқу барысында шарттар мен келісімдерді жасау тәртібі бойынша маңызды сұрақтар, атап айтқанда электронды шарттарды жасау және электронды-цифрлық қолтаңбаны қолдану мәселесі көтерілді, сондай-ақ электронды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар жобасы ұсынылды. Семинар ұйымдастырушылары: «Астана өрлеу» аймақаралық кәсіби даму орталығы мен «Арна Company» ЖШС.