Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Спартакиада 2016

2016-10-18
Спартакиада 2016

2016 жылғы 6-8 қазан аралығында «Мемсараптама» РМК бағдарламасы шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайту барысында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «ALMA-TAU» тау-шипажай аймағында «Мемсараптама» РМК орталық аппарат қызметкерлері және оның филиалдары арасында спартакиада өтті.

Спорттың келесі түрлері бойынша жарыстар өткізілді: шағын-футбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат, дойбы, жүзу және аркан тарту. Ойындар олимпиадалық жүйесі бойынша өткізілді. Командалар жанкүйерлерінің белсенді қолдауымен барлық жарыстар ынтамен ымырасыз күресте өтті.

Ойындар аяқталғаннан кейін қорытындыларды шығару және спартакиаданың салтанатты жабылу бөлігі өтті. Жүлделі орын алған командалар грамоталармен, естелік медальдарымен және кубоктармен марапатталды. Турнирдің түрлі номинациялары бойынша үздік спортшылар және командалар анықталып, марапатталды. Ақтөбе облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиалының командасы жарыстардың нәтижелері бойынша жүзуден 2 орынға және волейболмен үстел теннисінен 3 орындарға ие болды!

Ақтөбе облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиалының командасы «Мемсараптама» РМК басшылығын және «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің ЖК» ҚБ-ін Спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізігені үшін алғысын білдіреді!