Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас...

2016-05-06
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас...
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас...
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас...
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас...
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас...
Еліміздің ең маңызды оқиғаларының бірі – Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл өтті. Бұл соғысқа қатысқандар қатары күн санап азаюда. Жылдар өткенмен, жауынгерлер даңқы мәңгілік. Соғыс қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне деген алғысымыз шексіз. Олардың ерлігі мен қайсарлығы біз үшін үлгі. Үрім-бұтақтарымыздың басты борышы, ардагерлер алдындағы борышы – Ұлы Отан соғысы туралы тарихи естелікті есте сақтау, әр қаза тапқан жауынгерді ұмытпау, көзі тірі ардагерлерге Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдіру. Ақтөбе өңірінде Ұлы Отан соғысының көзі тірі 169 ардагер қалды, оның үш ардагерін құттықтау құрметі «Мемсараптама» РМК қызметкерлер кәсіподағы қолдауымен «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына көрсетілді. 2016 жылғы 6 мамыр күні филиал қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Курск доғасындағы шайқасқа қатысқан Ешмұратов Иса ағаны, соғысты әуе-десанттық әскерде өтіп, 39 рет парашютпен секірген Гнучий иван Ивановичті, 555-ші минометтік взвод командирі Файзуллин Асхат Ахметұлын құттықтап, гүл және бағалы сыйлықтар тарту етті. Ардагерлер барды жоқ еткен, тауды жер еткен оқиғаны 71 жыл бойы естерінде сақтауда, бірақ ешнәрсе де ұмытылмас. Филиал қызметкерлері соғыс батырларына шексіз алғысын білдіріп, мықты денсаулықтың арқасында ұзақ ғұмыр кешуді тіледі.