Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ЭҚАБЖ-дың жаңа платформасы бойынша семинар

2014-07-28
ЭҚАБЖ-дың жаңа платформасы бойынша семинар
«Мемсараптама» РМК қызметін жетілдіру бағдарламасы бойынша өткізілетін шаралар аясында ЭҚАБЖ-мен үйлесімді «НАТ Казахстан» АҚ дайындаған жобалау-сметалық құжаттамасын электрондық қабылдау жөнінен пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. 2014 жылғы 24-25 шілде аралығында Астана қаласы «НАТ Казахстан» АҚ ғимаратында жобалаулардың мемлекеттік сараптамаларында жобалау-сметалық құжаттамасын электрондық қабылдаудың жаңа платформасы бойынша республикалық семинар өтті. Оқу барысында жүйенің жаңа мүмкіншіліктері сөзге тиек етіліп, көрсетілді. Республикалық семинарға «Мемсараптама» РМК барлық аумақтық бөлімшелерінің жобалау-сметалық құжаттамасын электрондық қабылдау жүргізетін мамандары қатысты. Ақмола облысы бойынша филиалдан жетекші маман И.П.Ольферт қатысты. Семинар соңында қатысушыларға семинарға қатысқандығын растайтын сертификат тапсырылды.