Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде дөңгелек үстел түрінде өткен дәріс-сұхбат

2014-12-19
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде  дөңгелек үстел түрінде өткен дәріс-сұхбат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінде  дөңгелек үстел түрінде өткен дәріс-сұхбат
2014 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 12 қарашадағы «Нұрлы жол – Путь в будущее» Жолдауы мен «Нұр-Отан» партиясының кеңейтілген Саяси кеңес отырысында «2015-2025 жж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бағдарламасын» (бұдан әрі – бағдарлама) қабылдау шеңберінде және «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – филиал) 2014 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асырудың Іс шаралар жоспарын орындау мақсатында филиал қызметкерлеріне «Нұр-Отан» партиясының АҚФ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қоғамдық Кеңес төрағасы, Ақтөбе облысы прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қоғамдық Кеңес мүшесі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы М.С. Тәжібаева қатысуымен дәріс-сұхбат ұйымдастырылып өткізілді. Дәріс барысында М.С. Тәжібаева филиал ұжымымен өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, абыройы мен намысын сақтай отырып өмір сүру және еңбек ету, өз елін қадірлейтін азаматтың қандай болу керектігі жөнінде сөз етті. М.С. Тәжібаева: «Заңды орындау – тұмар. Заңдар оларды бұзбағандарға ғана ізгілі». Бағдарлама әр адамды өзінің жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге, материалдық пайда көру қызығушылығына берілмеу, бала тәрбиесімен жас шағынан айналысуға шақырады. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Қазақстанның мемлекеттік саясатының және Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың басты стратегиялық басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді. Жаңа Бағдарлама мемлекетті және барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға күштерін біріктіруге тартып, азаматтық қоғамның, бизнес-бірлестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне кеңінен қатыстыруды, мемлекеттік органдар қызметін қадағалауды нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын жетілдіру, мемлекеттік қызмет сапасын бақылау, қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін және барлық білім және тәрбие беру деңгейлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп түрін қалыптастыруды қарастырады. Осы Бағдарламаның маңызды тәсілдемесі сыбайлас жемқорлықтың нәтижелерімен күресуіне емес, оның салдары мен шарттарын жоюға ерекше көңіл аудару болып қалады. Сұхбат аяқталарда М.С. Тәжібаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға «Нұр-Отан» партиясы қолданатын келесі шаралар жөнінде айтып берді: - отбасы мен қоғамда өзіне жетерлік дәстүрлі халық құндылықтарды (сұраныстарға ұстамдылық пен қанағат, нысапсыздыққа өнегелі шыдамдылық пен тұрақтылық таныту), рухани байлықтың материалдық байлықтан басымдылығын өсіру; - барлық деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие беру жүйесін ендіріп, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне осы тақырыпта оқу курстарын және әдістемелік материалдар әзірлеу; - «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» идеологиялық брендін алға бастыру. Филиал ұжымы «Нұр-Отан» партиясын АҚФ Төрағасының Бірінші орынбасары А.А. Мырзалинге және М.С. Тәжібаеваға танымдық дәріс-сұхбат өткізгендері үшін алғысын білдіреді.