Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Семинар «ЛИРА 10.2 - құрылыс құрылымдарының есебі»

2014-08-18
Семинар «ЛИРА 10.2 - құрылыс құрылымдарының есебі»
Семинар «ЛИРА 10.2 - құрылыс құрылымдарының есебі»
2014 жылғы 11 тамыздан 15 тамызға дейін филиалда сарапшылар үшін «Құрылымдық тарау» бөлімі бойынша «ЖК ЛИРА 10.2 - құрылыс құрылымдарының есебі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараны «ЛИРА Софт» ЖШБ-ның (www.lira-soft.com) сарапшылары және «ИНФАРС-Казахстан» ЖШС (www.infars.ru) өкілеттілігі ұйымдастырды. Семинар – құрылымдардың беріктілігі мен орнықтылығын сандық жағынан зерттеуге және оларды түпкілікті элементтер әдісімен автоматтандырылған жобалауға арналған қазіргі заманға сай және ыңғайлы ЛИРА 10.2 бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуге бағытталған. Көпсалалы процессорлардың үлкен терімінің нәтижесінде ЛИРА 10.2 ЖК есептерді жоғары жылдамдықта орындайды,ал түйсігімізге түсінікті интерфейс модельді жеңіл және тез түзетуге және талдау жасауға мүмкіндік береді. Оқуда теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды өздігінен шешуге ерекше орын берілді, ол оқуға қатысқан қызметкерлерге оқу материалдарының үлкен көлемін игеруге және тәжірибе жинауға көмектесті. Семинар аяқталғаннан кейін «ИНФАРС-Казахстан» ЖШС мен «ЛИРА Софт» ЖШБ-ның өкілдері тестілеуден өткен барлық қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификат тапсырды.