Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

КЕҢЕСТЕ «ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2014-04-08
КЕҢЕСТЕ «ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
3 сәуір күні Семей қаласында өткен облыстық кеңесте ШҚО бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асу барысы, алға қойған жоспарларға жету жолындағы туындаған мәселелер жайы талқыланды. Кеңеске облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктердің және құрылыс бөлімдерінің, банктердің, құрылыс индустриясы мекемелерінің басшылары, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің», ҚИК («Қазақстан ипотекалық компаниясы»), ҚТҚК («Қазақстан тұрғын үй-құрылыс компаниясы») және «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының директоры қатысты. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша биылғы жылы үлкен міндеттер атқару жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында тұрғын үйлерді пайдалануға беру көбінесе Өскемен, Семей қалалары мен Ұлан ауданында жүзеге асырылмақ. Семей қаласында биылдың өзінде ҚТҚК «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 300 пәтерге екі тұрғын үй құрылысын бастамақ. Жергілікті атқарушы билік тұрғын үйлерді салу үшін Байтурсынов және Утелбаев көшелерінен жер телімдерін бөлді.