Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы Директорының орынбасары бос лауазым орнына орналасуға конкурс жүргізу туралы хабарландыру

2024-06-05
«Мемсараптама» РМК-нің Оңтүстік өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары – 1 бірлік бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайтындығын хабарлайды. Конкурсқа қатысушы үміткерлерге қойлатын талаптар: 1. Сәулет/құрылыс саласындағы мамандықтар немесе техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім. 2. Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 8 жылдан кем емес, оның ішінде жобалау ұйымдарында және/немесе сараптамалық қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі. Функционалдық міндеттері: 1) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс объектілеріне (техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттар) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу мәселелері бойынша Филиал қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.; 2) Кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен құрылыс объектілеріне (техникалық-экономикалық негіздемелер мен ЖСҚ) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындыларына қол қояды; 3) Филиал басшылығымен келісу үшін сараптау тобын құруды үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады; 4) Кәсіпорынның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен техникалық-экономикалық негіздеменің және жобалау құжаттамасының түпкілікті нұсқасының уақтылы қалыптастырылуын және оң қорытынды алған техникалық-экономикалық негіздемелер мен жобалау құжаттамаларының түпкілікті нұсқасының электрондық нұсқасына сарапшылардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қоюын бақылайды; 5) сараптамалық қорытындыларды сипаттау сапасын талдайды және бағалайды; 6) КВТСБАЖ-де ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процесстерінің мерзімін қадағалайды; 7) жобалардың кешенді сараптамасының ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу Қағидаларына және ПП ГЭ.08-2020 талаптарына сәйкес жүргізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 8) Филиалдың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады; 9) құрылыс жобалары бойынша сараптама жұмыстарын орындау кезінде тапсырыс берушілермен, жобалаушылармен, сарапшылармен қарым-қатынасқа қатысты мәселелерді шешеді; 10) жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу кезінде сарапшыларға консультативтік көмек көрсетуді, оның ішінде сараптама объектілерінде сараптама жұмыстарын жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу және талқылау үшін жекелеген мамандарды шақыра отырып, техникалық кеңестер өткізуді үйлестіреді; 11) Филиалдың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға, Филиалдың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ақпараттық қамтамасыз етуге қатысады; 12) Кәсіпорынның веб-сайтында интерактивті картаны мерзімді жаңарту үшін ақпаратты дайындауды қамтамасыз етеді; 13) өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің уақтылы қаралуын қадағалайды; 14) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, Кәсіпорын мен Филиал басшылығының тапсырмаларының уақтылы орындалуын қадағалайды; 15) Филиалдың қызметін жақсарту бойынша Филиал басшылығына ұсыныстар енгізеді; 16) еңбек тәртібін, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді; 17) өз құзыреті шегінде әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады; 18) Филиал қызметкерлерінің оқу іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етеді; 19)Сараптамалық әдеп кодексінде белгіленген қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 20) жобаларды сараптау кезінде құпиялылық принципінің сақталуын қамтамасыз етеді; 21) Ақпараттық қауіпсіздік ережелері талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді; 22) Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінің процестерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 23) Филиал директорының міндетін, ол болмаған кезеңде бұйрық негізінде атқарады; 24) Кәсіпорын Жарғысында, Филиал туралы ережеде, жобаларға сараптама жүргізу мәселелері бойынша Филиалдың ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды орындайды. Конкурсқа қатысуға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін келесі қажетті құжаттарды тапсыру қажет: 1) Конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш; 2) Резюме; 3) Өмірбаян; 4) Білімі туралы құжаттың көшірмесі; 5) Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда) немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шарты және бұйрықтың көшірмесі. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Конкурсқа қатысуға үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде 2024 жылдың 05 маусымынан бастап 2024 жылдың 11 маусымын қоса алғанда ontustik@gosexpertiza.kz электронды поштасына жібереді. Конкурсқа қатысуға үміткерлермен әңгімелесу 2024 жылдың 12 маусымында өткізіледі. Конкурсқа қатысуға үміткерлермен әңгімелесу өткізілетін орын: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, 222 ғимарат.