Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

AstanaBuild 2024 көрмесінің жұмысы аясында «Ақпараттық модельдеу технологиясын қолдана отырып әзірленген жобаларды автоматтандырылған тексеру перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2024-06-04
AstanaBuild 2024 көрмесінің жұмысы аясында «Ақпараттық модельдеу технологиясын қолдана отырып әзірленген жобаларды автоматтандырылған тексеру перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті Іс-шараның модераторы «Мемсараптама» РМК болды. Дөңгелек үстелде «ALBATECH» ЖШС және «BI Development» ЖШС спикерлері ҚОАМТ қолданумен әзірленген жобалардың нақты кейстерін ұсынды, сондай-ақ ҚОАМТ қолданумен құрылыс жобасын іске асыру барысында жобалау ұйымы мен құрылыс салушы алатын тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін көрсетті. «Мемсараптама» РМК өкілдері ҚОАМТ қолдану арқылы әзірленген жобаларға сараптама қалай жүргізілетінін айтып, жобаларды автоматтандырылған тексерудің мәселелері мен перспективаларын атап өтті. «Мемградкадастр» РМК мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қала құрылысы жобалары мен құрылыс объектілерінің өмірлік циклінің мониторингі құралы ретінде таныстырды. «Шар-Құрылыс» ЖШС және «Тангл» ЖШҚ компанияларының өкілдері ҚОАМТ пилоттық жобаларын жүргізу және BIM-модельдерге автоматтандырылған тексерулер жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша ресейлік тәжірибелерімен бөлісті. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ автоматтандырылған тексеру құралдарына енгізу мақсатында нормативтік құжаттаманы цифрландыру бойынша алдын ала нәтижелерді, сондай-ақ құрылыс құжаттамасын одан әрі оңтайландыру бойынша пайымдауды көрсетті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстанда ҚОАМТ дамыту мәселелерін неғұрлым егжей-тегжейлі талқылау және нақты ұсыныстар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен дөңгелек үстелдерді одан әрі өткізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.