Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК баспасөз-хатшысының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

2024-05-30
«Мемсараптама» РМК баспасөз-хатшысының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК баспасөз-хатшысы. 2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00, ішкі.: 7055. 3) Құжаттарды қабылдаудың аяқтау күні және уақыты – құжаттар 2024 жылғы «05» маусымды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін: atazhedinova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайға ұсынылуы тиіс. 4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар. Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы: Баспасөз-хатшысына жүктелген міндеттерді тиімді орындау. Білімге қойылатын талаптар: Жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласындағы қосымша дайындық. Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша сертификаттардың болғаны жөн. Мамандық бойынша немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Мамандық бойынша не лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл. Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; - Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері; - азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері; - «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; - Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары; - «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары»; - қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; Кәсіпорынның ішкі құжаттарын білу: – «Мемсараптама» РМК (бұдан әрі-Кәсіпорын) Жарғысы; - СМЖ бойынша ішкі құжаттар; - осы лауазымдық нұсқаулық. - Кәсіпорынның саясаты мен мақсаттары; - Кәсіпорынның даму бағдарламалары мен жоспарлары; - осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: 1) командада жұмыс істеу; 2) іскерлік жазу дағдысы; 3) өз жұмысын жоспарлау және жүзеге асыру дағдысы, шешімдердің айқындылығы мен анықтылығы; 4) қазіргі заманғы менеджмент негіздерін білу және оларды практикада қолдана білу; 5) қоғаммен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе; 6) заманауи техникалық байланыс құралдары мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері; 7) мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты ұсыну тәртібі, оны қорғау және пайдалану тәртібі; 8) клиенттік пиар, корпоративішілік пиар, дағдарыстық пиар, пиардың өзге де түрлерінің негізгі қағидаттары; 9) бәсекелестік ортамен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары; 10) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу әдістері; 11) экономика, іс жүргізу негіздері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары; 12) нарықтық экономика, кәсіпкерлік және менеджмент негіздері, ұйымның даму стратегиясы, ақпараттық нарық конъюнктурасы, әлеуметтік зерттеулер жүргізу технологиясы; 13) дағдарыс жағдайларындағы жұмыс әдістері, жарнамалық және ақпараттық науқандарды жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; 14) бағдарламалар мен іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету туралы шарттарды (келісімшарттарды) жасау және жасасу тәртібі; 15) функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім Функционалдық міндеттері: 1) Кәсіпорынның интернет-ресурсының барлық бөлімдерінің жаңартылған контентін уақтылы орналастыру (ИР модераторы); 2) Келіп түскен «сұрақ – жауап» айдарының өндірістік және өндірістік емес мәселелерін анықтамалық ақпаратты дайындау үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерге жіберу және оларды келіп түсуіне қарай интернет-ресурста уақтылы орналастыру; 3) Конференцияны, «дөңгелек үстелдер» семинарларын және басшылықтың қатысуымен кездесулерді ұйымдастыруға және сүйемелдеуге жәрдемдесу, баспасөз конференциясын және брифингтерді ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңірлеріне, жақын және алыс шет елдерге сапарлармен шығатын ресми делегацияны ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру; 4) Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салулары бойынша жазбаша және ауызша түсініктемелер дайындау; 5) Филиалдар сайттарының мониторингін жүргізу; 6) Жұртшылықпен байланыс – БАҚ (жариялауға, теле - немесе радиохабарларға материалдар жинауды және дайындауды жүзеге асыратын журналистерге жәрдем көрсету). Оқиғаларды жариялау, кездесулер өткізу; 7) Кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарын (ақпараттық беттері мен арналарын) әкімшілендіру; 8) Кәсіпорынның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық-анықтамалық, ағартушылық және жарнамалық материалдарын шығаруға қатысу; 9) БАҚ-та, баспасөз конференцияларында, баспасөз үшін арнайы ұйымдастырылған басқа да іс-шараларда сөз сөйлеу үшін кәсіпорын басшыларын, филиалдар басшыларын және басқа да лауазымды адамдар мен мамандарды тарту.; 10) Ұсынылған құқықтарға сәйкес «Е-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жұмыс істеу және тапсырмаларды уақтылы орындау; 5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш; 2) қоса беріліп отырған нысан бойынша қызметтік тізім; 3) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат); 4) білім туралы құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) түйіндеме. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (еркін нысанда) өтініш береді. Егер ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға кандидат анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. Байқау келесі кезеңдерден тұрады: 1) 2024 жылғы «06» маусым – кандидаттардың өтінімдерін қарау; 2) 2024 жылғы «07» маусым – кандидаттармен әңгімелесу; 3) 2024 жылғы «10» маусым – конкурс қорытындысы. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА ВАКАНТНУЮ ДОЛЖНОСТЬ _____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) _____________________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні және жері/ Дата и место рождения 2. Ұлты (қалауы бойынша)/ Национальность (по желанию) 3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/ Год окончания и наименование учебного заведения 4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) 5. Шет тілдерін білуі/ Владение иностранными языками 6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) 7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) 8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/ приема босатылған/ увольнения _____________________ ҮМІТКЕРДІҢ қолы/Подпись кандидата _______________ күні/дата