Санкт-Петербург қаласына іссапар барысында «Мемсараптама» РМК-нің мамандары геоақпараттық жүйелерге арналған бағдарламамен қамтамасыз етуші «Политрем» ЖШҚ компаниясының қызметкерлерімен кездесті.
Өткен іс-шара кезінде қарсы алушы тарап өкілдері геоақпараттық мүмкіндіктерді көрсетті (ГАЖ). Сонымен қатар кездесуге қатысушылар замануи бағдарламамен қамтамасыз етуді пайдалану қағидаттарына қатысты маңызды мәселелерді қозғады, олар: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деректерді жергілікті сақтау, әзірлеушіден тәуелсіздік және веб-технологияларға көшу.
«Политрем» ЖШҚ компаниясының геоақпараттық жүйелерін қолдану тәжірибесін көрсету мақсатында, Санкт-Петербург үкіметі жанындағы Санкт-Петербург ақпараттық-аналитикалық орталығына, сондай-ақ «Газпром-промгаз» АҚ-ның Санкт –Петербург қаласындағы «Инженерлік инфрақұрылым кешенін дамыту» ҒТО-ға бару ұйымдастырылды. Санамаланған мекемелердің өкілдері ГАЖ платформасында құрылған ақпараттық жүйемен өз жұмыстарын көрнекі көрсетті.