"Мемсараптама" РМК-нің Павлодар облысы бойынша филиалында 8 наурыз мерекесіне орай мерекелік ісшара өткізілді. Бұл күні мерекелік көңіл-күй безендірілген жұмыс орнынан сезілді. Филиал директоры Р.К.Баширов әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, табысты еңбек, отбасыларына бақыт тіледі.
Салтанатты жиын мерекелік ісшарамен жалғасты. Отбасының тірегі ер адамдар арасында сайыс өткізілді. Сайыс барысында түрлі ойындар мен тапсырмалар орындалып, қызықты сұрақтар қойылды, музыкалық ән- шашумен жалғасты. Мереке соңында нәзік жандарға гүлдер мен сыйлықтар тарту етілді.