Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ана тіліміз – Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі

2015-05-13
Ана тіліміз – Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі
Ана тіліміз – Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі
Ана тіліміз – Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі
«Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының (бұдан әрі – филиал) іс жүргізуін кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшірудің 2015-2016 жылдарға арналған Жоспарын, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Мәңгілік ел» патриоттық акт әзірлеу туралы 85 тармағын орындау аясында, 2015 жылғы 15 мамырда филиал «Ана тіліміз – Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі» тақырыбына дәріс-әңгіме өткізді. Дәрісті жетекші маман-аудармашы оқып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеяның негізгі ұғымын қазақ мәдениеті мен қазақ дүниетаным тұрғысынан білдіру және бұл қазақ тілінің қатысуынсыз түсіндірілмейтіні жөнінде сөз етті. Дәріс басталар алдында бейнеролик көрсетіліп, кейін негізгі ой білдіріліп, мемлекеттік тіл саясаты талқыланды, сонымен Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл жөнінде және бір сұхбатында «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп айтқан сөздерімен іс шара да өз мәресіне жетті. Қызметкерлерді өлеңсіз қалдырмай, Сәкен Иманасовтың «Тіл» атты өлеңі оқылды. Мемлекетіміздің тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында, филиалда мемлекеттік тілдің дамуы мен қызмет етуіне өткізілетін мұндай шаралар алдағы уақытта жиі жоспарлануда.