«Мемсараптама» РМК-нің Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері 2015 жылдың 12 наурызында Шымкент қаласында алғашқы рет ұйымдастырылған ShymkentBuild 2015 құрылыс және интерьер көрмесіне барып қатысты. Экспозиция «Көрме» орталығында орналасқан. ShymkentBuild 2015 көрмесіне Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Италия және Түркиядан келген 45-тен астам компания қатысты.
ShymkentBuild 2015 көрмесіне қатысушылар өнеркәсіптік мақсаттағы жылыту-желдету, жылу алмастыру және энергияны үнемдеу қондырғылары, ПВХ-профильдерді шығару, өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы ғимараттарға арналған жаңа қаңқасыз технологиялар, жоғары технологиялық бетон зауыттары, аса тиімді каскадты қазандық жүйелері, полимерлі құбыр жүйелері, сумен қамтамасыз етуге арналған жаңаша қондырғылар мен басқа да көптеген жаңа технологиялар мен әзірлемелер ұсынды