Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ЖСҚ электрондық қабылдау бойынша семинар оқыту

2014-03-13
Сараптама қызметін реформалау аясында, сондай-ақ ашықтық және айқындылық принциптерін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 11-12 наурыз аралығында Астана қаласында жобалау ұйымдарының, сондай-ақ Астана қаласының, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік-Қазақстан облыстарының бағдарлама әкімгерлері және құжаттарды электрондық форматта қабылдауды әзірлеуші «НАТ Қазақстан» АҚ компаниясының өкілдерінің қатысуымен www.epsd.kz, портал арқылы нысандар мен кешендердің құрылысына жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын электрондық қабылдау жүйесін үйрету мақсатында аймақтық семинар өткізілді. Семинар өткізу барысында бағдарлама авторы «НАТ Казахстан» АҚ өкілдері енгізілетін бағдарламаның тұсау кесерін жасап, іс жүзінде бағдарламамен жұмыс істеді. Қатысушыларға өтініштердің электронды түрінде порталдың «жеке кабинеті» арқылы берілетіндігі түсіндірілді. Ғаламтор-порталмен жұмыс істеу үшін алдымен тіркеуден өту және электронды түрде берілетін құжаттамаға қойылатын талаптармен танысу қажеттілігі айтылды. Аталған талаптар ғаламтор порталдың бас бетінде орналасқан. Өзара пікір алмасу болды. Талқылау барысында «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары, «Мемсараптама» РМК ӘАҚЕБ бастығы сөз сөйледі. Олар семинар қатысушыларының назарын мемсараптаманың барлық жүйесі 2014 жылғы 1 сәуір айынан бастап жобалау-сметалық құжаттаманы аталған форматта қабылдайтынына аударды. Мәжіліске қатысушылар «Мемсараптама» РМК құжаттарды электрондық қабылдау қызметінің жобалау-сметалық құжаттаманы қарауға тапсыру мерзімінің қысқартылатыныдығын, сондай-ақ өтініш иесіне мемлекеттік сараптаманың барысын бақылауға мүмкіндік туатындығын атап өтті. Құжаттаманы электронды түрде тапсыру талаптарын, сонымен қатар қажетті шығыс-рұқсат құжаттамасының тізбесін, порталмен жұмыс істеу нұсқаулықтарын және басқа да ақпаратты «Мемсараптама» РМК сайтында көруге болады. (www.gosexpertiza.kz).