Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҚР Құрылыс және ТҮШ істері Агенттігінің 2012 жылғы 23 шілдедегі №356 Бұйрығын орындау бойынша кеңес жөніндегі ақпарат

2012-11-23
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы мен Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті бірге ҚР Құрылыс және ТҮШ істері Агенттігінің «Сараптамалық сүйемелдеу тәртібіндегі құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу Ережелерін бекіту туралы» 2012 жылғы 23 шілдедегі №356 Бұйрығын орындау мәселесі жайында кеңес өткізді. Дөңгелек үстел түрінде өткен кеңеске қатысқандар: 1. «Мемсараптама» Ақтөбе облысы бойынша филиалынан: директор – Лекеров С.О.; директордың орынбасары – Қандығұлов Қ.Қ.; ӨБ-ң басшысы – Табылдин Т.Ж.; бас маман (заңгер) – Уәлиева Ж.М. 2. Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінен: директор – директордың орынбасары – Тұрмағанбетов С.Қ., бөлім басшысы – Сопрун О.А. 3. Бюджеттік бағдарлама әкімгерлері: Ақтөбе облысының құрылыс басқармасынан басқарма басшысының орынбасары – Мұқаев М.С., басқарманың жобалау жұмыстары мен сметалық нормалары бойынша бөлім басшысы – Әжғалиева З.Р.; Ақтөбе облысының энергетика және ТҮШ басқармасынан басқарма басшысының орынбасары – Нокин Н.П., басқарма басшысының орынбасары – Коктов К.Ш.; Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімінен бөлім басшысының орынбасары – Аманов Д.С., Ақтөбе қаласының ТҮШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен бөлімше бастығы – Төреғали Р.Ж.; Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясынан инспекция басшысы – Бисембин Ж.Т. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының жетекші жобалық мекемелерінен 20 басшы шақырылған болатын. Кеңесте сөз сөйлегендер: негізгі ережелерді түсіндірумен сараптамалық сүйемелдеу тәртібіндегі құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу Ережелері туралы Лекеров С.О. және Қандығұлов Қ.Қ.; тапсырысшы, мердігерлік мекеме, авторлық және техникалық қадағалау құрылыс қызметіне бақылау және қадағалау жүргізу жайында Тұрмағанбетов С.Қ., Сопрун О.А.; бюджеттік бағдарлама әкімгерлері жобалық-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен дайындау, мердігерлік және жобалық мекемелерімен шарт міндеттемелерін сақтамау жайында мәселе қозғаған; жобалық мекемелер басшылары құрылыс нысандарының жобалау сапасы мен мерзімдерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану жөнінде. Кеңес қатысушыларымен сонымен қатар, жобаларды дайындау барысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша мәселелер талқыланған. Кеңес нәтижелері бойынша, қатысушылар мерзімдерді сақтау және жобалау сапасын арттыру бойынша қолданған шаралар бөлігіндегі мемсараптама, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бірлескен жұмысын жалғастыру қажеттілігі туралы бірыңғай дауысқа келген.