Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Көкшетаумемсараптама» ЕМК менеджменттің біріктірілген жүйесін қолдану және жетілдіру мәселелері бойынша жауапты қызметкер қыркүйектің 27-29 аралығында республикалық семинар-мәжіліске қатысты.

2012-06-12
«Көкшетаумемсараптама» ЕМК менеджменттің біріктірілген жүйесін қолдану және жетілдіру мәселелері бойынша жауапты қызметкер қыркүйектің 27-29 аралығында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша республикалық семинар-мәжіліске қатысты. Республикалық семинар барысында келесі баяндамашылар сөйледі: «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары Махметов Г.Ж., «Мемсараптама» РМК әдістеме және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Марденов А.А.. Өздерінің баяндамаларында олар МБЖ ағымдағы жағдайы және оны жетілдіру бойынша жұмыс жоспары; «Мемсараптама» РМК жүйесінде бірыңғай корпоративтік желісін жасау; мемлекеттік сараптама саласында ұсынылатын сараптам қызметтерінің ашық және анық болуы үшін жүргізіліп жатқан жұмыс жөнінде сөз етті, сонымен қатар кәсіпорын сайтының жаңа дизайнымен таныстырды. Республикалық семинар шеңберінде «ТЮФ Интернациональ Рус» ООО мамандарының қатысуымен келесі тақырыпқа лекциялық оқулар өтті: «ИСО сериясы 9000, сериясы 14000 және OHSAS сериясы 18000 стандарттарының талаптарына қатысты менеджменттің біріктірілген жүйесінің ішкі аудиторы». Қатысып, тыңдаған қызметкерлерге сертификаттар табыс етілді. Республикалық семинардың соңында «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорны мен аумақтық бөлімшелердің МБЖ жауапты қызметкерлерінің арасында МБЖ қолдану барысында туындайтын проблемалы мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті.