26-27 қазанында «Заң қызметінің тиімді іс-әрекеті. Құқықтық сүйемелдеудің негізгі аспектілері» және «Еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, кадрлік іс жүргізуді ұйымдастыру. әскери есепті жүргізу» атты семинарлары өтті.
Семинар «Мемсараптама» РМК құқықтық және кадрлық жұмысына жауапты мамандардың білімін, біліктілігін және кәсібилігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға кәсіпорынның орталық аппараты мен филиалдарының өкілдері қатысты.
Бұдан басқа, Жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Кадр модулі» бойынша жұмысын жетілдіру үшін «Мемсараптама» РМК Ақпараттық технологиялар басқармасы «НАТ Казахстан» АҚ өкілдерімен оқыту жүргізілді.
Семинар нәтижесінде кәсіпорын мамандары жаңа білім алып, әріптестерімен кәсіби тәжірибе алмасып, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
Семинар қатысушыларына оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды.