2023 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Казанцев Павел Олегович пен Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы «Мемсараптама» РМК ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кандидаттар «Мемсараптама» РМК ұжымымен кездесіп, алдағы сайлаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар П.О. Қазанцев пен Қ.Т. Арыстанбеков, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Есіл аудандық филиалының төрағасы Е.Т. Исаков инфрақұрылымды дамыту, құрылыс сияқты басқа да негізгі мәселелерге назар аудара отырып, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп өтті.