«Мемсараптама» РМК-нің BIM технологиялар бөлімі 24 қарашада Астанада өткен ТМД елдерінің құрылыс саласын цифрландыру жөніндегі форумға қатысты.
Іс-шара барысында Кәсіпорын мамандары аудиторияға құрылыс объектісінің өмірлік циклін цифрландыру жағдайында мемлекеттік сараптаманы трансформациялау туралы өз баяндамаларын ұсынды.
Тұсаукесерде шекті құнды есептеудің онлайн-калькуляторы, Жобалардың мемлекеттік банкі, электрондық қорытындының жаңа форматы, сондай-ақ жобалау процесін ұйымдастыру үшін әзірленіп жатқан бірыңғай алаң сияқты Кәсіпорынның цифрлық бастамаларын ілгерілетудің ағымдағы нәтижелері ұсынылды.
Ұйымдастырушының айтуынша, форум әртүрлі елдерден, соның ішінде Беларусь, Грузия, Қырғызстан және Ресейден 200-ден астам ұйымның өкілдерін жинады.
Іс-шара алаңында отандық кәсіби бірлестіктердің өкілдері, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ ірі отандық және шетелдік құрылыс салушылардың өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шара туралы толығырақ форумды ұйымдастырушының телеграм-арнасында осы сілтеме бойынша оқыңыз https://t.me/great_of_development/4560
Сөз сөйлеудің бейнежазбасы