5-6 желтоқсанда Астанада мемлекеттік сараптаманың IT мамандарын оқыту бойынша жыл сайынғы семинар өтті, оған республиканың барлық өңірлерінен ақпараттық қамтамасыз ету қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында мамандарға epsd.kz бірыңғай порталының және сараптама жүргізу үшін корпоративтік ақпараттық жүйенің барлық соңғы жаңартулары ұсынылды.
Семинар аясында порталдың жұмыс істеуінің ағымдағы мәселелері, сондай-ақ Кәсіпорын жүйелерін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.