«Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының сарапшылары біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылғы 24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Нормативтік құжаттардағы өзгерістерді есепке ала отырып 2019 жылы Қазақстан Республикасында құрылыстың құнын анықтау» тақырыбына өткен семинарға қатысты.
Қазақстан Республикасында құрылыстың құнын анықтаудың ресурстық әдісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын және сметалық баға белгілеу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттардың әзірлеушісі болып табылатын «ҚазҚСҒЗИ» АҚ семинар модераторы ретінде сөз сөйледі.
Семинарда Қазақстан Республикасында құрылыстың құнын анықтаудың ресурстық әдісін жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстардың түбегейлі негіздері түсіндірілді.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.