2019 жылға арналған «Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіби оқыту жоспарын орындау мақсатында 2019 жылғы 5 ақпанда Астана қаласында «Сәтті келіссөздер дағдылары» тақырыбы бойынша семинар өтті, семинарға «Мемсараптама» РМК-нің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Касимов А.Ж. қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: келіссөздер жүргізушісінің тиімділігін бағалау параметрлері, сындарлы келіссөздер («Гарвард тәсілі»), қысым мен айла-амал жасау, келіссөздердегілогика және т.б.
2019 жылғы 6 ақпанда «2019 жылғы салық және бухгалтерлік заңнамадағы маңызды өзгерістер»тақырыбы бойынша семинар өтті, семинарға филиалдың бас бухгалтері С.Н. Дербенева қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін құрастыруды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде болған өзгерістерге шолу, ҚР ҚМ 2018 жылғы 02 қазандағы № 877 бұйрығымен бекітілген, Бухгалтерлік есеп шоттарының жаңа үлгілік жоспары (2019 жылдан әрекет ететін), ҚЕХС (IFRS) 9 «Қаржы инструменттері», ҚЕХС (IFRS) 15 «Сатып алушылармен шарттар бойынша түсім», ҚЕХС (IFRS) 16 «Жалдау», бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде жиі кездесетін қателер және ҚЕХС-ге сәйкес қаржы есептілігін жасау және т.б.
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.