«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы 2018 жылғы 28 желтоқсан күні «Бақытты балалық шақ» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жаңа жылдық ертегі» акциясына қатысты.
Филиал ұжымы жинаған қаржыға № 143 сөйлеуі мен қимыл-тірек аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы мекеме» КММ тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтарға толы қайырымдылық көрсетілді.
Мекеме басшылары филиал қызметкерлеріне көрсетілген қайырымдылық пен мейірбандықтары үшін алғыстарын білдірді.