Мемлекет басшысының көпшілік спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша тапсырмаларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын ұжымының командалық рухын қолдау үшін, 2018 жылғы 24 қарашада «Мемсараптама» РМК-нің Жастар кеңесі «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының қызметкерлері арасында үстелүсті теннисінен қайырымдылық турнир өткізді.
Турнир «Мемсараптама» РМК-нің 20 жұмыскерінің қатысуымен жұптық турнир, топтық турнир/*шығып қалуға турнир жүйесі бойынша өтті. Бір жұптың құрамы жеребе тастау бойынша анықталды. Топтық турнир кезінде жеңген жұпқа 3 ұпай берілсе, жеңілген жұпқа сәйкесінше 0 ұпай берілді. 1-2-орынды иеленген жұптар плей-оффқа өтті. Плей-офф ойындары 1 орын А тобы – 2 орын В тобы, 2 орын А тобы – 1 орын В тобы жүйесі бойынша өткізілді. Кейін финалдық кездесу өтті.
Турнир қорытындылары бойынша:
3-ші орын – Жоламан Азамат Жоламанұлы/Тұңғышбаев Әлішер Қанатбекұлы;
2-ші орын – Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы/Сүлейменов Арман Болатханұлы;
1-ші орын – Ілиясов Данияр Жайылханұлы/Шаймерден Мақсат Біржанұлы.
Сондай-ақ:
- «Жеңіске жігерленген ерік үшін» номинациясын бас бухгалтер Бишенова Бибігүл Ержанқызы;
- «Үздік ойыншы» номинациясын конструкторлық сектор жетекшісі Төреғожина Гүлнәр Серікқызы;
- «Үздік жас ойыншы» номинациясын әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маманы Жүсіпов Сейтмұхамет Құсайынұлы жеңіп алды.
Барлық жиналған қаражат «Атбасар қаласының ақыл-ойы және психикалық дамуы кем балаларға арналған №2 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ-ге жіберілді.