"KAZGOR" Жобалық академиясы «Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар өткізді. "Мемсараптама" РМК-нің Қостанай облысы бойынша филиалының сметчик - сарапшылары Л.А.Клюкина және А. С.Татиева қатысты. Семинарда: Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша, үстеме шығыстардың шамасын және салудың сметалық пайдасын анықтау бойынша, құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдеріне байланысты қосымша шығындарды анықтау бойынша нормативтік құжаттар қарастырылды. Сонымен қатар: құрылыстың сметалық құнын ірілендірілген көрсеткіштер, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындарының сметалық нормаларын, қысқы уақытта құрылыс-құрастыру жұмыстарын өндіру кезінде қосымша шығындардың сметалық нормаларының жинақтарын қарастырды. Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстарына және құрылғыларды бөлшектеуге арналған ресурстар шығындарының элементтік сметалық нормалар жинақтарына өзгертулер мен толықтыруларыда қарастырылды.
Семинар соңында қатысушыларға куәліктер табысталды.