«Мемсараптама» РМК-нің 2017 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарына сәйкес 2017 жылғы 20-21 сәуір аралығында «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының ақпараттық қауіпсіздік бойынша жауапты қызметкерлері үшін Астана қаласында «World Class Education» ЖШС ұйымдастырған «Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі». ISO 27001» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинарда мынадай мәселелер қаралды:. ISO 27000 стандарттары тұқымдасы, стандарттарды қолдану аясы. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне шолу. Ақпараттық қауіпсіздік саясаты. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару құралдарын ендіру рәсімдерін анықтау.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға куәліктер берілді.