«Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын және «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлерді кәсіптік оқыту жоспарын орындау аясында 2017 жылғы 12 желтоқсаннан 14 желтоқсан аралығында орталық аппаратының және «Мемсараптама» РМК филиалдарының IT мамандарына «VPN негіздері және принциптері. VPN «Мемсараптама» РМК-ға енгізу. Active Directory Windows Server 2012 қызметі. Active Directory «Мемсараптама» РМК-ға енгізу» тақырыптары бойынша оқытулар жүргізілді.
Оқыту барысында мамандар теориялық және практикалық білім мен дағдыларды алды, олар жақын арада іс жүзінде пайдаланылатын болады.
Аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.