«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіптік оқытудың 2017 жылға арналған жоспарын орындау үшін, 2017 жылғы 28 қараша – 29 қараша аралығында Астана қаласында «2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ХҚЕС пен Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбына семинар өтті.
Семинарға қатысушылар – «Мемсараптама» РМК филиалдарының басшылары мен бас бухгалтерлері.
Семинар барысында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер мәселелері қаралды.
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.