Атырау қаласы әкімдігінің «Елді мекендердің санитарлық тазалағы, сумен қамтылуы және канализация объектілерінің 2017-2018 жылдарға күзгі-қысқы маусымына дайындығы туралы» 2017 жылғы 21 қыркүйектегі №1861 қаулысына сәйкес 2017 жылғы 22 кыркүйегінен 22 қарашасына дейін екі айлық санитарлық тазалығы деп жарияланған. Осы мақсатта 2017 жылы 14 қазанында «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша Атырау қаласындағы филиалында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік кезінде филиал қызметкерлері ғимараттың аумағын және жақын орналасқан аумақтарды тазарту жұмыстарын өткізді.