Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2024-06-07 күнінлені Бас директор ревизиясы

Қарағойшин Тимур Жиенбайұлы

1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:
Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған.

Күні Жұмыс орны, лауазымы
1985-1991 жылдары жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы;
1991-1994 жылдары «Сәулет» Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры;
1994-1996 жылдары БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;
1996-2001 жылдары «Оралавтожол» қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары;
2001-2002 жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры;
2002-2005 жылдары БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры;
2005-2007 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары;
2007-2008 жылдары «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы;
2008 жылғы қазан-қараша аралығында БҚО әкімінің кеңесшісі;
2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды;
2011 ж. қаңтар-шілде аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі;
2011-2013 жылдары Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры;
2013 жылғы сәуір-қараша аралығында ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы ;
2013-2016 жылдары «Мемсараптама» РМК бас директорының бірінші орынбасары; бас директорының м. а;
2016-2021 жылдары «Мемсараптама» ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған ;
сәуір 2023 - тамыз 2023 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы ;
2023-2024 Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

«Жетекшілік ететін мәселелері:
«Мемсараптама» РМК-нің ақпараттық технологияларын жетілдіру мен әдістемелік қамтамасыз ету.