«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Шу және діріл, объектілердің санитарлық-қорғау аймағын белгілеу бойынша есептерді қоса, экологиялық есептерді жүргізу ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы үшін ЭРА бағдарламалық кешені» тақырыбына өңірлік семинарлар өткізілді.
Семинарлар төрт кезеңде:
2017 жылғы 17 мамырдан 18 мамырға дейін Астана қаласында;
2017 жылғы 24 мамырдан 25 мамырға дейін Ақтөбе қаласында;
2017 жылғы 1 маусымнан 2 маусымға дейін Өскемен қаласында;
2017 жылғы 14 маусымнан 15 маусымға дейін Шымкент қаласында өткізілді.
Семинарлардың қатысушылары – құрылыс жобаларына экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын, «Мемсараптама» РМК орталық аппараты және филиалдарының маман-сарапшылары.
Семинарларды өткізудің негізгі мақсаты –маман-сарапшылардың ЭРА бағдарламалық кешенімен жұмыстың практикалық дағдысын алуы.
Семинар барасында келесі мәселелер қарастырылды:
1. Экологиялық есеп жүргізу ерекшеліктері.
2. Шу және діріл бойынша есеп. Объектілердің санитарлық-қорғау объектілерін белгілеу.
3. Қазақстан Республикасы үшін ЭРА бағдарламалық кешені: «ЭРА-Ауа», «ЭРА-Шу», «ЭРА-Тәуекелдер» бағдарламалық кешендер. Тәжірибелік сабақ.
Семинарлар ЭРА бағдарламалық кешенінің әзірлешілерімен – «Логос-Плюс» ҒӨК ЖШҰ (Новосибирск қ.) және «Баталов Виталий Анатольевич» ЖК (Петропавл қ.) өткізілді.
Семинар аяқталысымен қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы куәліктер берілді.