Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Хабарландыру

2017-05-05
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Алматы қаласындағы филиалына өндірістік бөлімінің сарапшы бос лауазымына (сметчиктер, конструкторлар) қажет. Кандидаттарға қойылатын талаптар: 1) Сәулет және құрылыс немесе техникалық мамандықтар бойынша жоғарғы кәсіби білімі болуы тиіс. 2) Жобалау ұйымдарында (қала құрылыс, алдын ала жобалау және жобалау сметалық құжаттамасының тиісті тарауларын әзірлеу бойынша) еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жұмыстарды жүзеге асыру құқығымен сарапшы аттестатының болуы міндетті. Бос лауазым орнына тұруға ұсынылатын міндеттемелі құжаттар тізімі: 1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 2) еркін түрде жазылған өмірбаян; 3) белгіленген тәртіпте куәландырылған білім туралы құжаттар көшірмесі; 4) белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының аяқталғаны туралы бұйрық көшірмесі, 5) 086-У формадағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама. Қосымша ретінде білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми деңгей мен атақ берілу, ғылыми мақалалар, алдыңғы жұмыс басшысынан берілген ұсыныстар және т.б. туралы құжаттар көшірмесі) ұсынуға болады. Қарасай батыр көшесі 182/35 (Жароков көшесінің бұрышы), 6 қабат, 62 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалына жүгінуге болады. Телефон анықтамалары: 8 (727) 397 00 00, 8 (727) 397 00 32 эл.почта: almaty@gosexpertiza.kz.