Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Сараптау қызметтерін жетілдіру мәселелері бойынша жиналыс

2017-03-10
Сараптау қызметтерін жетілдіру мәселелері бойынша жиналыс
Сараптау қызметтерін жетілдіру мәселелері бойынша жиналыс
Сараптау қызметтерін жетілдіру мәселелері бойынша жиналыс

2017 жылдың 10 наурызында «Қоғамдық келісім» КММ-нің конференц залында:
- Жобалау және сараптау қызметін жетілдіру;
- Жобалау-сметалық құжаттаманы кешенді ведомстводан тыс сараптау кезіндегі комплектациялау тақырыптарында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа жергілікті орган өкілдері, кешенді сараптама қызметкерлері, аудандық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылары, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшылары, жобалау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Жиналыста КВТСЖБЖ-дегі маңызды функционалды жүйе қарастырылды: жүйені басқару, пайдалану және сүйемелдеу жүйесі, кешенді сараптама жүргізудегі өзара әрекеттестік. ЖСҚ мен КВТСЖБЖ-да жұмыс жасағандағы мәселелер, туындайтын техникалық ақаулар және оларды алдын-алу бойынша іс-шаралар талқыланды.
Талқылау бойынша келесідей шешімдер қабылданды:
1. «Мемсараптама» РМК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің есебін назарға алу;
2. Тапсырысшылар мен жобалау мекемелеріне жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтау барысында, жиналыста айтылған кемшіліктер мен қателіктерді назарға алу.