Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2016-11-03 күнінлені «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» атты дәріс ревизиясы

2016-09-13
2016 жылғы 12 тамызда филиал қызметкерлері арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру аясында «Мемсараптама» РМК ішкі бақылау мен сапа бөлімінің бас маманы М.А. Саугамбаев «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы» тақырыбында дәріс оқыды. 2003 жылы БҰҰ-ның мүше мемлекеттері БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын қабылдады, оның негізгі позициясында «сыбайлас жемқорлық демократиялық институттарды, этикалық құндылықтар мен әділеттілікті жояды және тұрақты даму мен құқықтық тәртіпке нұқсан келтіреді» делінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіз болатындай позиция құру аясында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. Осы орайда Марат Азентайұлы филиал сарапшылары мен қызметкерлерінің назарын Елбасы айқындаған бес ауқымды тапсырмаға аударды. Жаңа стратегияның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет саясатының тиімділігін арттыру, қоғамның барлық өкілдерін сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір түріне болмасын төзімсіздік көзқарасын қалыптастыру. Дәріс соңында М.М. Саугамбаев республиканың жобалау-құрылыс кешенінің элитасы ретінде мемлекеттік ведомстводан тыс кешенді сараптама қызметкерлері аталған бағытта белсенді жұмыс жасауға шақырды.