2016 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының мәжіліс залында «Еңбек жанжалдары және еңбек дауын шешу. Келісу комиссиясы. Татуластыру комиссиясы» тақырыбында семинар өткізілді, оған «Мемсараптама» РМК-нің қызметкерлері және Кәсіподақ қатысты.
Семинар ұйымдастырушысы – «Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы».
Семинарды ҚР КФ-ның оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы директорының міндетін атқарушы Мейрам Зекешұлы Қажыкен құттықтау сөзімен ашты.
Семинарда мынадай мәселелер қаралды:
- ұжымдық еңбек дауларын қарау. (Татуластыру комиссиясы). Еңбек төрелігі;
- Еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес. Рөлі мен функциялары;
- Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың басты рөлі;
- ұжымдық-шарттық қатынастар (ұжымдық шартты әзірлеу ерекшеліктері).
Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар алды