Оқыту семинары
14-15 желтоқсан күндері «Мемсараптама» РМК-нің бас кәсіпорнында «Мемсараптама» РМК және филиалдарының қызметкерлерін жобалау-сметалық құжаттаманы қабылдау жүйесіннің түрлендірілген бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқасын және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану бойынша оқыту семинары өткізілді.
Аталған шараға «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалының жетекші маманы М.М. Мусанов қатысты. Семинар жұмысының нәтижелері бойынша ол курсты аяқтау туралы сертификатқа ие болды.