Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Наурыз – көктем мен молшылық мейрамы

2016-03-24
Наурыз – көктем мен молшылық мейрамы
Наурыз – көктем мен молшылық мейрамы
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан күн мен түннің теңелетін, жыл бастау мейрамы. Ұлыстың Ұлы күнін «Мемсараптама» РМК-нің БҚО бойынша филиалының ұжымы 20 наурыз күні атап өткен болатын. Наурыз мерекесін тойлау басшылықтың құттықтауымен басталды. Төс қағыстыру және шашу сияқты халқымыздың салт-дәстүрлері көрсетілді. Филиал қызметкерлерінің қатысуымен Күнекей қыз ертегісінен шағын көрініс қойылды. Келер жылғы молшылық пен ырыс-ынтымақтың нышаны ретінде, қазақ халқының ұлттық тағамдарымен мол дастархан жайылды. Іс-шара соңында филиалымыздың ақсақалы отбасымызда жылдан жылға амандық болсын деген ниетпен бата берді.