Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Заңнамаға ендірілген өзгерістерге байланысты жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу барысын түсіндіру»

2016-02-19
«Заңнамаға ендірілген өзгерістерге байланысты жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу барысын түсіндіру»
«Заңнамаға ендірілген өзгерістерге байланысты жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу барысын түсіндіру»
2016 жылғы 18 ақпанда «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалында (бұдан әрі – филиал) заңнамаға ендірілген өзгерістерге байланысты жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу (бұдан әрі – КВС) барысын түсіндіру жайында кеңес өткізілген болатын. Кеңес дөңгелек үстел түрінде тапсырысшылар мен жобалау мекемелері қатысуымен өтіп, келесі мәселелер қаралды: 1. Кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу сызбасы. 2. Жобалау жұмыстар бағасын анықтаудың ресурстық әдісі. 3. Кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу бағасын анықтау. 4. Жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу функцияларының бір бөлігін бәсекелі ортаға беру. 5. Кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізудің біріккен порталымен онлайн-режимде жұмыс істеу. Филиал қызметкерлері жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізудің қадамдық нұсқаулығын суреттеп, сызба түрінде көрсетті: бастапқы құжаттарымен бірге құрылыс жобаларын (ТЭН және ЖСҚ) қабылдау (электрондық портал арқылы); шарттасу (2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434V ЗРК «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері болып табылатын тапсырысшылар үшін); КВС жалпы және жете сызбасы; жобалау жұмыстары бағасын анықтаудың ресурстық әдісінің негізгі ережелері (15.12.2015 жылғы №399-нқ бұйрығы); жобаларды нарыққа беру және объектінің техникалық және технологиялық жағынан күрделілігін анықтау мәселелері жөнінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап заңнамаға ендірілген өзгерістер; жеке кабинет арқылы жобаларға кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізудің біріккен порталымен онлайн-режимде жұмыс істеуді көрсету (пайдаланушыны тіркеу, құжаттаманы жүктеу, сұраным жолдау, сарапшылардың ескертпелерін алу және жауап беру, жиынтық қорытындылар мен дәлелді бас тартуды алу). Филиал қызметкерлерінің әр сөзі көрнекі материалдар көрсетумен және жалпы мысалдар келтірумен ілесіп келді. Кеңес сұрақ-жауап түрінде жалғасып, сөз еткендер өз құзыреті аясында қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Ж.Ж. Ботенбаев кеңес нәтижелерін қорытындылап, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнама талаптарын уақытында орындау қажеттілігі, құрылысқа ТЭН және ЖСҚ әзірлеу сапасын көтеру, сондай-ақ мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманың, салалық сараптамалардың, тапсырысшылар мен жобалау мекемелерінің қарым-қатынасын жалғастыру жөнінде сөз етті.