Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобаларды сараптау және құрылыс құжаттамасына арналған Autodesk құралдары

2015-11-24
Жобаларды сараптау және құрылыс құжаттамасына арналған Autodesk құралдары
2015 жылғы 17-22 қарашада «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру Жоспары шеңберінде өндірістік бөлімнің сәулет-құрылыс секторының басшысы Б.Қ. Досмұратов «AutoCAD Basic. Жобаларды сараптау және құрылыс құжаттамасына арналған Autodesk құралдары» тақырыбына Астана қаласында «Лайн-Практик» оқу орталығымен ұйымдастырылып өткізілген семинар-курсқа қатысты. Курс жүйемен жұмыс істеудің басты қағидаттарымен таныстыру, сызбаларды AutoCAD-та жасау құралдары мен әдістерін үйрету, жобалау, құрылыс және сәулет саласында екі өлшемді сызбалар салу, сызбалар мен құжаттарды ресімдеу және оларды бастырып шығаруды қамтиды. Курсқа теориялық материалдан басқа практикалық сабақтар енді. Осылайша, курс қатысушылары оқу орталықтың тренері Данилевич Оксана Александровна басшылығымен Autodesk компаниясы әзірлеген – AutoCAD екі өлшемді автоматтандырылған жобалау және сызу жүйесін меңгерді. Оқу курсы аяқталғаннан кейін Б.Қ. Досмұратовқа біліктілікті арттыру қурсын өту туралы Куәлік және ақпараттық-үлестірме материал берілді. Курс ұйымдастырушыларына автоматтандырылған жобалау және сызу саладағы білікті мамандардан үйрену мүмкіндігі үшін алғыс білдіреміз.