Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ресурстық әдіспен құрылыс объектілерінің сметалық құнын қалыптастыру әдістемесін меңгеру» атты семинарға қатысу туралы

2015-11-02
«Ресурстық әдіспен құрылыс объектілерінің сметалық құнын қалыптастыру әдістемесін меңгеру» атты семинарға қатысу туралы
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 2015 жылға арналған Жоспарын орындау аясында, құрылыстағы бағаларды мониторингілеу жөніндегі маман Ж.К. Сагинтаева 2015 жылғы 26-30 қазан аралығында Алматы қаласында «Инком» ЖШС «Ресурстық әдіспен құрылыс объектілерінің сметалық құнын қалыптастыру әдістемесін меңгеру» тақырыбына ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты. Семинарда ABC жүйесін әзірлеушілер Изатов В.А. (теориялық бөлім) және Гладких Л.В. (практикалық бөлім) басшылығымен ресурстық әдіспен объектілердің сметалық құнын қалыптастыру қаралды. Ресурстық әдіс – жобаны жүзеге асыруға қажетті ағымдағы бағалар мен тарифтердегі шығын элементтерін (ресурстар) есептеу жолымен құрылыс өнімінің құнын анықтау тәсілі. Есептеу материалдарды, бұйымдарды, құрылымдарды, оларды құрылыс орнына жеткізу арасы мен тәсілдері, технологиялық мақсатта энергия тасымалдауыштың шығыны, құрылыс машиналарын пайдалану мерзімі мен олардың құрамы, жұмысшылардың еңбек шығыны жөніндегі мәлімет сияқты қажеттіктерді санау жолымен жүргізіледі. Аталмыш қорлар жобалау материалдары, түрлі нормативтер мен дереккөздер құрамынан бөлінеді. Семинардың басты мәселелері келесідей: құрылыс бағаларын белгілеуді реформалау; құрылыс өнімі бағаларын қалыптастыруды ресурстық әдіске көшіру; құрылыс бағаларын белгілеудің әдістемелік құжаттар жүйесінің талаптары (ҚР ҚБӘҚ); Қазақстан Республикасы ресурстық сметалық-нормативтік базасының (РСНБ-2015) құрамы; кодтау жүйесі мен жаңа қолданыстағы ҚР сметалық-нормативтік базасының және РСНБ-2015 талдау; Құрылысты ұйымдастыру жобасы шешімдеріне байланысты үстеме шығындары, уақытша ғимараттар мен құрылыстар шығыны, қысқы уақытқа қосымша шығындар; 2001 жылғы базадағы бұрын орындалған сметаларды айырбастау әдісі мен ерекшеліктері; АВС-СМР қосалқы жүйе; «АВС-сараптама», «АВС-Аккорд» бағдарлама кешендерін қолдану; АВС жаңа технологиялары; ВІМ-модельдерді сметалық-экономикалық тарауларын қалыптастыру үшін пайдалану. Семинар аяқталғаннан кейін, Ж.К. Сагинтаеваға біліктілікті арттыру курсынан өтті жөніндегі Куәлік берілді.