Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бизнес-процесстерінің презентациясы

2015-12-03

Сараптамалық қызметті жетілдіру және медиа-ақпараттық саясатты жүзеге асыру аясында 2015 жылғы 03 желтоқсан күні «Мемсараптама» РМК-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында Батыс Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағалары, Тапсырыс берушілер мен жобалаушы ұйымдардың қатысуымен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бизнес-процесстерінің презентациясы өткізілді.
Сараптама жүргізудің бизнес-процесстерінің презентациясы кезең-кезеңмен назарға салынды:
- бұрын сараптама қалай жүргізілді және қазіргі таңдағы процессі;
- сараптама жүргізудің сұлбасы;
- ЖСҚ-ны электронды түрде қабылдау;
- жиынтықтылығының автоматты түрде тексерілуі;
- шарт жасау;
- сараптау қызметі;
- қорытындының автоматты түрде қалыптасуы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар.
Презентация барысында қатысушылармен сұрақтар қойылып, оларға жауаптар және түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекция бөлімінің басшысы – Қ.И.Айбергенов сөз сөйлеп, өз алдына қатысушыларды объектілерді пайдалануға қабылдау процесінің өзгерістерімен таныстырды.