2015 жылғы 4 желтоқсан күні Атырау қаласында шақырылған кәсіпкерлердің қатысуымен «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалы және Атырау облысының Кәсіпкерлер Палатасы өкілдерінің жиналысы өткізілді. Жиын Атырау облысының Кәсіпкерлер Палатасы базасында ұйымдастырылды.
Жиналыс тақырыбы: «Сараптама өткізудің бизнес-процесстеріндегі маңызды өзгерістер».
Мемсараптама қызметін жетілдіру аясында кешенді сараптама жүргізудің бизнес-процесстерінің тұсаукесері, сараптамаға өтініштер мен материалдарды қабылдау процессіне, мерзімдерге, төлем жасауға енгізілген жаңалықтар мен алға қойылған жоспарлар ұсынылды. Тұсаукесер слайдтары көрсетілген соң жиналыс «сұрақ-жауап» түрінде жалғасты.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық пен әрекеттестікті одан әрі дамыту мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің Атырау облысы бойынша филиалы мен Атырау облысының Кәсіпкерлер Палатасы арасында меморандум жасау мәселесін қарастыру туралы шешім қабылданды.